Шымкентте 331 мыңнан астам тұрғын сақтандырылмаған

фото ШӨКҚ

Шымкент халқының 73 пайыздан астамы сақтандырылған. Бұл дегеніміз – 924 мың тұрғын. Оларға 164 медициналық мекеме қызмет көрсетеді. Ота шығындары да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жүргізіледі. Өткен жылғы күрделі операцияларға жұмсалған қаржының дені кардиохирургия және нейрохирургияға бағытталған.

Шымкентте 331 мыңнан астам адам сақтандырылмаған. Ал халықтың 73,6 пайызы медициналық тұрғыдан сақтандырылған. Бұл – 924 803 азамат. Оның ішінде жеңілдік санатындағы 700 мыңнан астам адамның жарнасын мемлекет төлейді. Мәселен өткен жылы 1 жүрек, 2 бауыр және 10 бүйрек трансплантациясы жүргізілген.

Күрделі ота шығындары МӘМС жүйесі есебінен қаржыландырылған. Жалпы қалада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 164 медмекеме қызмет көрсетеді. Оның 34-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік медициналық ұйымдар.

Қаладағы 68 мекеме МӘМС шеңберінде стоматологиялық қызмет түрлерін көрсетіп келеді. Олар балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек көмек көрсетеді. Жалпы Шымкент қаласы бойынша МӘМС есебінен былтыр 1500-ға жуық жоғары технологиялық қызмет көрсетілген. Айтарлықтай қаржыландыру кардиохирургиялық және нейрохирургиялық сынды күрделі операцияларға бағытталған.

Науқастарға ем—шараларын көрсетер тұста шығындардың басым бөлігін стационарлық медициналық көмек құрайды. Сондай ақ, Шымкент жүрек орталығында соңғы 5 жыл ішінде МӘМС жүйесі есебінен 20-ға жуық науқасқа жасанды жүрек отасы жасалған.

Гүлдана Сейдрасул