Сот заңсыз орнатылған трансформаторды алып тастауды міндеттеді

21
фото ҚР ЖС
2021 жылдан 1000 шаршы метр жер телімі Қызылорда қаласының тұрғынына тиесілі болған, сол жер теліміне 2015 жылы «РЭК» АҚ 0,4 кВ трансформаторлық қондырғы орнатқан, сондай-ақ оларға қосылған төрт сымы бар тіректер орнатылған.
 Трансформатор заңсыз, қажетті құжаттарсыз орнатылғандықтан, учаскенің иесі тиісті органдарды алып тастаулы міндеттеу туралы талап қоюмен сотқа шағым түсірген. Сондай-ақ әкімдік қондырғыны басқа жерге көшіру мүмкін болмағанын хабарлаған.
 Талап қоюшы өзіне тиесілі жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысына арналғанын, ал трансформатор құрылыс жұмыстарына кедергі келтіріп жатқанын атап көрсеткен.
 Сот істі қарап, оның ішінде көшпелі сот отырысы барысында қарай келе, мамандар берген ситуациялық схемаға сәйкес, «РЭК» АҚ-ның 23 трансформаторының біреуі талап қоюшының жер теліміне қарама-қарсы беттегі көше бойында орнатылуы тиіс екенін анықтаған.
 Алайда, аталған аумақта көлік жүруге арналған жол болғандықтан, трансформатор талап қоюшының жер теліміне қойылған, дегенмен, бұл жоспарға сәйкес келмейді.
Қызылорда қалалық соты көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, талап қоюды қанағаттандырып, «РЭК» АҚ-на талап қоюшының жер телімінің алдына орнатылған трансформатор кіру-шығуға кедергі келтіретіндіктен оны бұзуды талап еткен.
 “РЭК” АҚ бұл шешімге қатысты апелляцияға шағым түсірген.  Қызылорда облыстық соты іс материалдарын зерделей келе, трансформатор орнатудың заңсыздығын растады.
 Бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылып, «РЭК» АҚ-ның шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.