Соттың көмегімен 13 қала тұрғынына жерге орналастыру жобасы бекітілетін болды

фото satu.kz
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен 13 талап қоюшылардың жауапкер «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» ММ-не жерге орналастыру жобаларын бекітуден бас тартуын заңсыз деп танып, жобаларды бекітуді міндеттеу туралы әкімшілік ісі қаралды.
Талап қоюшылар жоғарыда көрсетілген талаппен жүгініп, онда олар 1993 жылғы 23 сәуірдегі қаулы негізінде өздеріне жеке үй құрылысын салу үшін берілген жер учаскелеріне жасалған жерге орналастыру жобаларын бекітуден жауапкер негізсіз бас тартқанын көрсеткен.
Соттың белсенді рөлінің, дауды татуласу арқылы шешудің тиімділігін түсіндірудің нәтижесінде, тараптар медиациялық келісімге келді.
Нәтижесінде, жауапкер талап қоюшылардың жерге орналастыру жобасын бекіту туралы өтінішхатын 2025 жылдың 6 наурызына дейін қабылдап, шешім шығарып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларында» көзделген талаптарға сай бекітіп, сот барысында анықталған мән-жайлар бойынша әкімшілік органға жазбаша (қағаз немесе электрондық) нысанда тиісті әкімшілік акті шығармауға міндеттелді.
Тараптарға медиациялық келісімді бекітудің және медиация келісімінің талаптарын орындамаудың салдары түсіндірілді. Сот аталған келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты. Талап қоюшылардың әрқайсына төленген мемлекеттік баж сомасы қайтарылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.