Тараз қаласының әкімі азаматтарды қабылдады

фото ТҚӘБҚ
 Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тал кесу, автотұрақ аумағын абаттандыру, ағынды суларды тазарту жұмысы, мал сою алаңшасы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инватакси санын арттыру, ұлттық ойындарды дамтыу жөнінде мәселелер көтерді.
Сонымен қатар тұрғындар көпқабатты үйлердің жөндеу жұмыстарына қатысты сауалдар қойды.
Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.