Тұрғын үйлердің сапасы тұрақты бақылауда

фото ТҚӘБҚ
Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» (14 ш.а) шағынауданда өткен жылдың күз мезгілінде 22 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Қазір мұнда мердігер компаниялар тарапынан үйлердің іргетасын құю, 1, 2 қабаттарының қабырғаларын көтеру жұмыстары жүргізілуде.
Осы ретте тұрғын үйлердің сапасын қала әкімдігі құрылыс бөлімі тұрақты бақылауға алып, тиісті жұмыстар белгіленген кестеге сай орындалып жатыр. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың қазан айына дейін аяқтау жоспарланған.