Жалған дипломмен жұмыс істеген бапкерлер әшкереленді. Түркістан облысының жаттықтырушылары бұл тізімде көш бастап тұр. Өткен жылы тренерлік және спорттық қызметпен айналысқан 278 адамның жалған диплом қолданғаны анықталды. Оның 9-ы басшы, 248-і жаттықтырушы және 21-і басқа да қызметкерлер. Мұны антикордың ресми өкілі мәлімдеді.
Данияр Бигайдаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
«Мұндай фактілердің басым көпшілігі Түркістан (44), Атырау (30), Алматы (26), Жамбыл (22) және Ақмола (20) облыстарында анықталды.Қабылданған шаралар аясында 250 адаммен еңбек келісімшарттары бұзылды. Қалғандары бойынша жұмыстан босату мәселесі тергеу нәтижелері бойынша шешіледі»