«Заң мен тәртіп»: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет теміржол көлігіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын талқылады

фото Антикор

 

«Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен Көлік прокуратурасымен бірлесіп, теміржол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жиын өтті.

Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары А.Колосков пен Көлік прокуратурасы басшысының орынбасары М.Рақыш, санитарлық қызмет, көліктік бақылау инспекциясы, көліктегі желілік полиция бөлімшелері, «Южный» жолаушылар тасымалы облыстық филиалы, «ҚТЖ — Жүк тасымалы» ЖШС филиалы өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Отырыс барысында тасымалдаушылардың санитарлық нормаларды сақтауы, билетсіз жүрудің жолын кесу, темір жолдарда төтенше жағдайлар мен апаттардың алдын алу бойынша қабылданған шаралардың қорытындылары қаралып, ҚТЖ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері талқыланды.
Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары мен олардың жемқорлық жағдайларын жоюдағы маңызды рөлі, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін басшылардың жеке жауапкершілігі ескертілді.

Кездесу соңында қатысушыларға тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, кері байланыс, оның ішінде Агенттіктің 1424 Call-орталығы туралы айтылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.