Түркістан облысында тұрғын заңсыз темекі өндіріп келген. Ірі көлемде заңсыз темекі саудасын қаржы мониторинг агентігінің өңірдегі департамент қызметкерлері анықтады. Астыртын кәсіппен айналысқан күдікті қоймасында таңбасыз және құжаттарсыз 630 мыңнан астам қорап темекіні заңсыз сақтаған. Ол өзінің тауарларын облыс аумағында еркін саудалап келген.
Олжас Мүсілім, Түркістан облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысының орынбасары: «Темекі өнімдерінің жалпы соммасы 571 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданып, сот үкімі шыққан. Сот үкімі бойынша, күдіктіге қатысты 2 млн. 400 мың теңге жазасы қолданылған».
Облыс аумағында заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын жерасты цехының жолы да кесілді. Тексеру кезінде 13 320 бөтелке арақ, 5786 жалған марка, 24 580 қалпақ және 600 литр спирті бар сұйықтық алынды. Тәркіленген мүліктің жалпы құны 200 млн теңгеден асады. Қазір іске байланысты тергеу басталды.