Жол апатына басты себеп бағдаршамның қызыл түсі

фото Отырар.кз

 

Б.Қожанов пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды. Toyota Camry және ВАЗ автокөліктері соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Camry жүргізушісі Кожанов көшесімен келе жатқанда, ВАЗ автокөлігі бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан, жол қиылысынан өтіп кетуге тырысқан.

Соның салдарынан екі жүргізуші де әртүрлі дәрежедегі жарақат алды. Әсіресе, ВАЗ жүргізушісі қатты зардап шекті – оның екі аяғы ашық сынған, басынан ауыр соққы алған. Ол ауыр халде шұғыл ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеді. Олар жол апатының нақты мән-жайын анықтап, қай жүргізушінің бағдаршамның тыйым салынған түсіне өткенін анықтайды.