Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов алюминий бұйымдарын өндіру жобасын қолға алған «CENTRAL ASIA ALUMINIUM» компаниясының өкілдерін қабылдап, жобаның I-кезеңінің құрылыс жұмыстарына қатысты мәселелерді талқылады. Одан әрі нысан басына барып, онда негізгі қондырғы жабдықтарды орналастырып, пайдалануға беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Жалпы құны 4,4 млрд. теңгені құрайтын жоба толығымен іске қосылған уақытта 200 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобаның I-кезеңінде жылына 10 тонна алюминий бұйымдары өндіріледі.