Шымкентте қалалық №1 клиникалық аурухана базасында 231-рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. 1984 жылы туылған ана 2004 жылғы ұлына бүйрегін берді.
Операция сәтті өтіп, донор мен рецепиент палатаға ауыстырылды. Екі науқастың да жағдайын жіті бақылап отырған дәрігерлердің айтуынша қазір олардың жағдайы жақсы, денсаулығы қалыпқа түсіп келеді.
Айта кетейік, бүйрегі алмастырылған рецепиент 7 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келген. Тіпті соңғы 1,5 жылда гемодиализ аппаратына тәуелді болыпты. Дәрігерлер науқасты аз уақытта қалыпты өміріне қайта оралады деп отыр. Бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 231 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.