Арыстанның баласын сатпақ болған зейнеткер айыппұл арқалады. Ол тыйым салынған абданды әлдекімнен сатып алып, үйінде заңсыз асыраған. Кейіннен оны Шымкентке әкеліп, саудаламақ болған. Айыпталушы кінәсін толық мойындап, өзінің зейнеткер екенін ескеруді сұрады. Сот оны 1 млн. теңгеден астам мөлшерде айыппұл төлеуге міндеттеді.
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі: «Айыпталушы ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, жануарлар ұстау қызметімен айналысу құқығынан 1 жыл мерзімге айырылды. Оған 300 (үш жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»