Бүгін Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов Түркістан қаласында өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы ұлттық спорт түрлерінен (тоғызқұмалақ, асық ату, гір көтеру, арқан тарту және қазақ күресі) ұйымдастырылған облыстық спартакиадада жүлделі 3-орын иеленген аудан командасын қабылдады.
Аудан намысын қорғаған мемлекеттік қызметшілер өздерінің ептілігі мен қайсарлығын көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті. Ерлан Нұрмаханов жеңімпаздарды құттықтап, олардың ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі мен спорттық жетістіктерін ерекше атап өтті.
Қабылдау барысында жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Аудан әкімі мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық спорт түрлерін дамыту маңызды екенін айтып, алдағы жарыстарда да жоғары жетістіктерге жетуге тілектестігін білдірді.