Бәйдібек ауданының әкімі Е.Нұрмаханов тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді

фото БАӘБҚ
Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов аудан тұрғындарымен ашық диалог орнату мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан мәслихатының төрағасы Имангелді Түймебаев, сондай-ақ дербес бөлім басшылары, құқық қорғау органдары мен мекеме басшылары қатысып, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Қабылдау барысында әлеуметтік, коммуналдық және инфрақұрылымдық мәселелер, жол жөндеу, су және газ жүйелері, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту сияқты халықты толғандырған өзекті тақырыптар көтерілді. Әрбір тұрғынның өтініші тыңдалып, мәселені шешу жолдары талқыланды.
Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов халықтың көтерген мәселелері назарда ұсталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілетінін атап өтті. Тұрғындардың талап-тілектерін ескере отырып, кейбір мәселелер сол жерде шешімін тауып, ал күрделі мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болды.
Мұндай қоғамдық қабылдаулар халық пен билік арасындағы ашық диалогты дамытуға, аудан тұрғындарының мәселелерін жедел әрі тиімді шешуге үлкен мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, халықтың талап-тілегі назардан тыс қалмайтыны айтылды.