Түркістан облысында, Жетісай ауданының полиция қызметкерлері шаштараздағы ұрлықты ашты. Белгілі болғандай, оқиға күндізгі уақытта орын алған. Күдікке ілінген ер адам көршісінің үйіндегі шаштаразға кіріп, құны 30 000 теңгеден асатын шаш алуға арналған электрлік құралдарды жымқырып кеткен.
Сонымен қатар, ол жолдың бойында тұрған, кілттенбеген «Audi» маркалы көліктің салоннан 20 000 теңгені ұрлап кеткен. Күдікті бұл әрекеттерін мас күйінде жасаған. Оның әрекеттері шаштаразда орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Тәртіп сақшылары күдіктіден айғақты заттарды тәркілеп алды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.