Ел президентінің тапсырмасымен есірткінің заңсыз айналымын ұйымдастырушылар мен есірткі таратушыларға, оның ішінде «есірткі курьерлеріне» (закладчик) қатысты қылмыстық жауапкершілік сараланғаны белгілі. Енді алғашқы рет заңды бұзған есірткі таратушылар ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша төмендетілген санкциялармен жауапкершілікке тартылатын болады.

Ал тиісінше есірткінің заңсыз айналымын ұйымдастырушылар мен есірткі өндірушілерге, лауазымды тұлғаларға жазаны қатайтатын ҚК-тің 297-1 бабы енгізілді. Ендігі уақытта олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.
Енгізілген өзгерістер қылмыстық жауапкершіліктің әділ жүйесін қалыптастырады. Сондай-ақ қоғамды есірткінің заңсыз айналымының зардаптарынан қорғау шараларын күшейтеді деп сенеміз.