Полицейлер жаяу жүргіншіден есірткі тәркіледі

фото ТОПД
Түркістан облысы Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері есірткі затын заңсыз сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.
Түлкібас аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары аудан орталығы көшелерінің бірінде жүрісі күмәнді жаяу жүргіншіні байқап қалады. Содан полицейлер тұрғынды тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде, оның өзімен бірге есірткі затын алып жүргенін анықтады.
Жергілікті тұрғынға жеке тінту жүргізген тәртіп сақшылары, ер адамның қалтасынан есірткіге ұқсас затты тапқан. Ал сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген есірткі «марихуана» болып шықты.
Қазіргі таңда осы жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.