Полиция көші-қон заңнамасын бұзған 9 азаматты жауапқа тартты

фото ТОПД
Түркістан облысында көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараға көші-қон қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, криминалдық және патрульдік полиция жұмылдырылды.
Мысалы, Ордабасы ауданында полицейлердің жұмыс нәтижесінде 9 құқық бұзушы анықталды. Оның ішінде шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ үш бұзушы көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды.
Бұдан бөлек іс-шара кезінде полицейлер шетелдік азаматтармен және жұмыс берушілермен көші-қон саласындағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.