Түркістан облысының Кентау қалалық сотында Р.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Р. телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып, терроризмдi насихаттағаны үшін айыпталған ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігі. Р. 2024 жылдың наурыз айында телекоммуникация желілерін қолдана отырып, оның ішіндегі «Telegram» интернет-мессенджері арқылы өзінің таныстары Ә., Р., Б.-ге діни себептер бойынша зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау (қарулы жиһад) идеологиясында терриоризмді насихаттаудың белгілері болып табылатын діни радикалды көзқарастарды насихаттау идеясы бар бейнефайлдарды жіберген.
Мемлекеттік айыптаушы Р.-ні тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Р. өзінің кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдірді.
Р.-нің кінәсі өзінің және куәлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және істің басқа да құжаттарымен дәлелденді. Сот, Р.-ға жаза тағайындау кезінде, оның жауапкершілігін жеңілдетенін мән-жайларға жасөспірім балаларының болуын ескерді, ал ауырлататын мән-жайы анықталмады.
Р. ҚК-нің 256-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.