Түркістан облысының Отырар аудандық сотында Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Б. кәмелетке толмаған жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру бабымен айыпталған ҚК-нің 108-1-бабының 2-бөлігінің тармағы.
Б. 2024 жылдың 7 тамызында кешкі сағат 20-00 шамасында мас хәлде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында орналасқан үйінің ауласында өзінің кәмелетке толмаған қарындасымен араларында ұрыс-керіс нәтижесінде соңғыны ұрып соғып, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген.
Мемлекеттік айыптаушы Б.-ні тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, оны бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Б. өз кінәсін толық мойындап, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші және оның заңды өкілі Б.-ға қатысты заңға сәйкес жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Б.-нің кінәсі жәбірленушінің және заңды өкілінің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және істің басқа да құжаттармен толық дәлелденді.
Сот, Б.-ға жаза тағайындау кезінде, оның жауапкершілігін жеңілдетенін мән-жайларға кінәсін толық мойындап өкінуін ескерді, ал ауырлататын мән-жайға қылмысты алкогольден масаң күйде жасауын таныды.
Сот үкімімен: Б. ҚК-нің 108-1-бабы 2-бөлігі тармақтарында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Тағайындалған жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, қоғамдық орында 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту туралы қосымша жаза жүктелді. Үкім заңды күшіне енді.