Қазығұрт: Аудан әкімі тұрғындары жеке мәселелері бойынша қабылдады

фото ҚАӘБҚ
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға келген азаматтар тұрақты, тұрғын үй кезегі, жарықтандыру, жарамсыз электр бағаналарын ауыстыру, денсаулық саласы, әлеуметтік көмек алу, грант алу және шабындық жерін суармалы жерге ауыстыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен өтініштерін жеткізді.
Тұрғындардың өтініш-талаптарын мұқият тыңдаған Азизхан Исмаилов жауапты сала басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеп, заң аясында шешуді тапсырды. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын және өз бақылауында болатынын айтты.