Шымкентте 18-23 жас аралығындағы қыздарды жезөкшелікке тартып, оларды интимдік видеолармен бопсалағандар ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Ведмоство таратқан мәліметке сай 4 адамнан құралған топ, нәзік жандыларды жалдамалы пәтерге орналастырып, тәнін саудалауға мәжбүрлеп келген. Сондай-ақ, күдіктелер жәбірленушілердің жыныстық әрекеттерін суретке түсіріп, қорқытып ұстаған деп күдіктелуде.
Аталған факт бойынша, тексеру жүргізген ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері, жеңгетайлық және жезөкшелікпен айналысу бойынша күдіктілерді ұстады. Олар, уақытша қамау изоляторына жабылды.
Бұдан бөлек, Түркістан облысының прокурорларымен, Қызылорда облысының 2007 және 2006 туылған екі тұрғыны ұсталды. Олар Telegram әлеуметтік желісінің жабық топтарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен порнографиялық бейнежазбаларды сатумен айналысқан деген күдікке ілініп отыр.
Айта кетейік, «STOP-трафик» операциясы аясында еліміз бойынша 40 қылмыс анықталды. Оның ішінде, адам саудасы, жезөкшелікпен айналысу, притондарды ұстау, жеңгетайлық жасау сынды фактілер бар.
Нұргүл Жолымбетова