Бүгін аудандық мәдениет сарайында Шардара ауданының 60 жылдығы толуы аясында ұлттық салт-дәстүрді насихаттай отырып, халық арасындағы беріліп жүрген баталарды жинақтау, сонымен бірге қазыналы қарияларымызға құрмет көрсету, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Батаменен ел көгерер» атты аудандық батагөй қариялардың байқауы өтті. Байқауға қазылық жасаған алқасының құрамы: Төрағасы: Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Шардара аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, Шардара ауданының Құрметті азаматы, «Ауыл» партиясы ұйымдастырған «Батаменен ел көгерер» Республикалық байқауының Түркістан облысы бойынша жеңімпазы, «Қасиет» сауықтыру орталығы өткізген байқаудың жеңімпазы Ілесов Қыстау Інайұлы, Қазылар алқасының құрамы: аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Алтынбек Ізтілеу Шаншарұлы, Шардара ауданының Құрметті азаматы, ақсақалдар мүшесі Биту Жанайдар Әнуарұлы қатысушылардың өнерін сараптап төмендегіше жүлделі орындар бекітті. Бас жүлде – Алатау батыр ауылынан Тілеков Нұрбаулы атамыз, I орын – Егізқұм ауылынан Аскаров Шайахмад атамыз, II орын – Қ.Тұрысбеков ауылынан Ақберді Базарқұл атамыз, III орын – Көксу ауылынан Еримов Кадірхан атамыз, III орын – Қоссейіт ауылынан Суясинов Халнияз атамыз, аудан әкімінің арнайы жүлдесімен — Шардара қаласынан Сламидинов Бердіхан атамыз, байқауымыздың ынталандыру сыйлықтарымен – Сүткент ауылынан Дауренбаев Рахматулла атамыз, Ұзын-ата ауылынан Есимов Ахмет атамыз иеленді. Аталарымызға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.