Шардара ауданы: Ел чемпионы атанды

фото ШАӘБҚ
25 наурыз-2 сәуір күндері аралығында Қостанай қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
Аталған чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықты, зілтемір көтерудің нағыз шеберлері ересек спортшылар бас қосты.
Осы жарыста мектебіміздің спортшысы, Шардара ауданының тумасы Тұрғанбай Алишер де бақ сынап, өзінің жастығына қарамай, 61 кг салмақ дәрежесінің үздігі екенін дәлелдеп, алтын алқаны иемденді. Ол жұлқа көтеруден 117 кг, серпе көтеруден 140 кг, қоссайыс нәтижесінде 257 кг зілтемірді бағындырып, Түркістан облысынан шыққан ересектер арасындағы тұңғыш Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшымыз Тұрғанбай Алишер мен жаттықтырушыларымыз Кубеев Асхат, Ускенбаев Талғатты жетістіктерімен құттықтай келе, жеңістер жалғасын таба беруін тілейміз!