Шымкентте 5 сынып оқушысы өз-өзіне қол салып, қайтыс болды

фото ktk.kz

Шымкентте 5 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Мектеп басшылығының мәліметінше, оқиға баланың өз үйінде болған. Сөздерінше, мұндай әрекетке баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін. Айта кетейік, марқұм қаладағы №9 IT лицейінде білім алған. Оқиғаны полиция растады. Бүгінде айтулы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі :«Кәмелет жасқа толмаған баланың өлімі жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды».