Шымкентте әскери-аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

фото ШГБҚ

 

8 наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында әскери қызметші әйелдерге арналған салтанатты шара өтті. Гарнизон бастығы подполковник Сергей Бибулатов келе жатқан мерекемен құттықтап, мемлекеттік-құқықтық және жауынгерлік дайындықта ерекше көзге түскендерді марапаттады. Бұл күн жағымды тосын сыйлардан құр қалмады.

Мерекелік жағдайда арулары әскери киімдерін кешкі көйлектерге ауыстырып, раушан гүлдері мен жылы лебіздерді қабыл алды. Концерттік зал гүлдердің хош иісі мен нұрлы күлкіге бөленді. Ерлер бұл күнді ерекше өткізуге тырысса, лейтенант Жандос Сәтенбаев жетекшілік ететін гарнизонның әскери оркестрі музыкалық бағдарлама дайындады.

Мерекелік кеш «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраевтың бейнеқұттықтауымен басталды. Ол өңірлік қолбасшылықтың барша ер-азаматтары атынан әйелдерге бақыт, амандық және зор денсаулық тіледі.
– Құрметті ханымдар, көктемнің алғашқы мерекесімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт, денсаулық, бастарыңыздан бейбіт аспан тілеймін. Әр күніңіз қуанышқа, Отан игілігі жолындағы қызмет пен еңбектегі табысқа толы болсын! – деп атап өтті генерал-майор.

Мерекелік бұйрықты оқығаннан кейін гарнизон бастығы подполковник Сергей Бибулатов қызметтік міндеттерін орындауда ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттады. Әскердегі қыз-келіншектер өз мамандығына адал болып қана қоймай, сонымен қатар дәстүрлі құндылықтар – аналық, адалдық пен патриоттық қасиеттерді бойына сіңіретінін атап өтті.

– Ғасырлар бойы әйелдер балаларын отансүйгіштікке тәрбиелеп, ерлерді ерлік істерге баулиды. Бүгінде олар әскери қызметті таңдай отырып, ерлермен тең дәрежеде әскер өмірінің барлық қуаныштары мен қиындықтарын бастан кешіруде, – деп атап өтті Сергей Сергеевич.

Кештің басты тосынсыйларының бірі – әскери киімдерін іскерлік киімге ауыстырып, қолдарына гүл шоқтарын ұстаған барлық әскери қызметкерлердің залға шығуы болды. Бұл күтпеген қимыл олардың әйел әріптестерін шын жүректен қуантты.
Мереке мерекелік кеш концертпен аяқталды, онда 35748 әскери бөлімінің көркемөнерпаздар ұжымы көрермендердің сүйікті әндерін орындап, қошеметтеріне бөленді.