Шымкентте көктемнің символына айналған «Гүлдер жәрмеңкесі» өтуде

фото ШӨКҚ
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Гүлдер жәрмеңкесі» өтіп жатыр. «Астана» алаңында ұйымдастырылған мерекелік жәрмеңкеге 20-ға жуық кәсіпкер қатысып, сан алуан гүлдерді, әсем безендірілген гүл шоқтарын ұсынуда.
Ерекше безендірілген аумақтағы жәрмеңке келушілерге мерекелік көңіл күй тарту етуде. Қала тұрғындары мерекеге орай әсем гүлдердің саудасын қыздырып, көктемнің шырайын сезінуде.
Жәрмеңкеге қатысушы кәсіпкерлер бірыңғай ақ шатырларда жұмыс істеуде, олардан тазалықты сақтау талап етіледі.