Шымкенттегі ХҚКО және МХҚКО наурыз айындағы жұмыс кестесі

фото ХҚКОБҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды.

Сенбі мен жексенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді.

10 және 25 наурыз, қалада екі кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Олар мына мекенжайда орналасқан: Жангелдин көшесі, 13 «А» және Желтоқсан көшесі, 121/1. Ал кезекші мамандандырылған ХҚКО 196 квартал, 381/1 мекенжайы бойынша жұмыс істейтінін хабарлайды. Бұл орталықтар азаматтарды сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.

Наурыз мейрамына орай қаладағы ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін 21, 22, 23, 24 наурыз демалыс күндері болып саналады. Еске салайық, Қазақстанда демалыс күндері болып 8-10 наурыз бен 21-25 наурыз аралығы жарияланған.