Шымкенттен Мюнхенге тікелей әуе рейсі ашылады

Фото: ОАК
27 мамырдан бастап қазақстандық «SCAT» компаниясының әуе кемесі Шымкент – Мюнхен бағытында ұша бастайды. Рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұйымдастырылады.
Бұл Қазақстан мен Германия арасындағы қолайлы байланыстарды қамтамасыз етіп, туристік және іскерлік сапарларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Билеттер сатылымы ашық.