Сот аукцион хаттамалары мен сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныды

фото ШС
Шымкент қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық соты Шымкент қаласы әкімінің жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Түркістан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ-не, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не аукцион хаттамалары мен сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша істі қарады.
Шымкент қаласы әкімінің бес шешімі негізінде, Шымкент қаласының сумен жабдықтау және су бұру нысандары жекешелендіруге берілген. Атап айтқанда, «Ақбай-Қарасай» су алу құрылысының аяқталмаған құрылысы, «Бадам-Сайрам» су алу кәсіпорны, «Қызыл-Сай» су алу кәсіпорны, «Тассай» су алу кәсіпорны, «Транс-Вик» (автокөлік цехы) және «Уникан-сервис» кәсіпорны.
Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындар жекешелендіру аясында аукциондар арқылы сатылған және олар бойынша алты хаттама жасалған. Аукцион жеңімпаздарымен Түркістан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен сатып алу-сату келісім шарттары жасалған.
Сот талап қоюды қанағаттандырып аукцион хаттамалары мен сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныды, тараптар жекешелендіру нысандарын меншік иесіне қайтаруды, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не міндеттеу арқылы бастапқы қалпына келтірілді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.