Жартытөбе ауылдық округінде 19 наурыз Жаңару күніне орай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Шымкент-Жартытөбе бағытындағы күре жолдың бойына 1500 түп тал көшеттері отырғызылды.
Игі іске жергілікті әкімшілік пен мекеме қызметкерлері, ауыл ақсақалдары және белсенді жастар атсалысты. Ауыл тұрғындары ұйымшылдық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.