Созақ ауданы: Наурыз мерекесі «Жұлдызды түнге» ұласты

фото САӘБҚ
Бүгін аудан орталығында Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі аталып өтіп, мерекелік шара «Жұлдызды түн» атты концерттік бағдарламаға ұласты. Алдымен орталық алаңда тігілген ақ шаңқай киіз үйлерде кешке жиналған қауымға ауызашар берілді.
Одан кейін қазақ эстрадасының жұлдыздары Есқара Бейбітов, Өтеген Ақсұлтан және Нұрсұлтан Жақсыген мерекелік кешті «Жұлдызды түн» концерттік бағдарламасымен жалғастырды. Кешті жүргізген Бекжігіт Алпысбаев пен Абжан Нұрсейіт көрермендерді ерекше әсерге бөледі.