Созақтықтар «Ауыл Фест» сайысында топ жарды

фото САӘБҚ
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Ауыл Фест» волонтер жастар арасында салт-дәстүрді кеңінен насихаттау бағытындағы сайысы өтті.
Сайыстың басты мақсаты — жастар арасында ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәнін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік қасиеттерді дамыту.
Сайыс нәтижесі төмендегі бойынша:
•Күбі пісу» | Қалменова Ұлтуар | 1 орын
• “Қазақ күресі” | Дәмен Дәурен | 3 орын
• «Қамыр жаю» | Өміртаева Жансая | Алғыс хат
Айта кетейік, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл шара жастарды біріктіріп, ұлттық дәстүрлерді насихаттап, болашақта ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыруды мақсат етеді.