Темекі қалдықтарын тастаған үшеу жауапқа тартылды

фото ТОПД
Наурыз айының 20-25 күндері аралығында полицияның «102» арнасына 1078 хабарлама тіркелді. Сондай-ақ жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы 1050 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 102 автокөлік айыптұраққа қойылды. Полиция 2 қылмыстың ізін суытпай ашты. Құқық бұзушылықтардың 80 пайызы жол ережесін бұзу жайты болса, 20 пайызы қоғамдық орындардағы заң бұзушылықтар болып табылады.
Мәселен 23 наурыз сағат 16:00 шамасында Шымкент қаласының тұрғыны, жас жігіт «Chevrolet Laсetti» көлігіне тиесілі мемлекеттік белгісін өзінің басқаруындағы «Huyndai Tuсson» маркалы автокөлігіне заңсыз тағып, Түркістан – Кентау бағытында кетіп бара жатқан жерінен ұсталды. Көлік айыптұраққа қойылып, құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды.
▫️Сонымен қатар облыс орталығындағы Тәуке хан-Төреқұлов көшелерінің қиылысында темекі қалдықтарын тастаған 3 жас жігіт анықталып, жауапқа тартылды. Осы сәтті пайдалана отырып, Сіздерді көліктеріңізбен жүргенде жол ережелерін қатаң сақтауды, ортақ пайдалану орындарын ластамауды және заңға қайшы әрекеттерді жасамауға шақырамыз.