Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі Түркістан облысына сапары барысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңын әзірлеу жөнінде тапсырма берілген.
Заң 13 баптан тұрады.
Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына
44 қосымша құзыреттілік беріледі.
Заңда келесідей негізгі ерекшеліктері қарастырылған:
— қаланың өзіндік сәулет үлгісін қалыптастыру;
— арнайы дизайн-кодын бекіту;
— қала құрылысы регламентін бекіту;
- кесене айналысында бөтен құрылыс элементтеріне жол бермеу;
- қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдану;
- тарихи аймақта 7 метрден асатын, түсі және материалдары үлеспейтін объектілердің құрылысын шектеу;
— қаланың рухани дамуы мен тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау;
-кесене және қала аумағында орналасқан
25 тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау;
- тарихи-мәдени мұра объектілерін сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Аталған Заң Түркістан қаласының одан әрі дамуына келесідей мүмкіндіктер береді:
-қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау үшін археология ескерткіштері резерваты құрылады;
— ұлттық қолөнерді дамыту мақсатында қолөнер шеберлер шығындарының бір бөлігі бюджеттен өтеледі (өтемақы мөлшері 10%-дан 25%-ға дейін);
— мемлекеттік әлеуметтік объектілер салу үшін жеке құрылыс салушыларға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру (мемлекеттік мектептер, балабақшалар, ауруханалар);
— туризмді дамыту мақсатында туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
— автомобиль көлік құралдарын (сегiз орыннан астам) сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;
— санитариялық-гигиеналық тораптардың күтіп-ұстау үшін шығындардың бір бөлігі өтейді;
- туристерді тасымалдау жөнінде туристік қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді;
- стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын бекітеді.