Түркістанда жол құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда

фото ТҚБҚ
Түркістан қаласы әкімдігінің бастамасымен Яссы секторындағы Қазыбек би мен О. Жарылқапов көшелері арасындағы жолдың құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 2,5 шақырымды құрайтын жолдың 80%-ын толықтай орындады.
Аталған жол бөлігінде екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейту жұмыстары жүргізіліп, 1,1 шақырымдық аумақта қара қиыршық тас пен ірі түйіршікті асфальт жабыны төселіп, аяқжолдар салынуда. Сонымен қатар, суағар науаларын орнату жұмыстары да жүргізілді.
Қала аумағында Б. Қалаби көшесі мен Бекзат мөлтек ауданында темір жол үстінен екі жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы жүргізілуде. Осыған орай, Б. Қалаби көшесінің 7,4 шақырымы жөнделіп, құрылыс жұмыстары 25%-ға орындалды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер көпірінің 3103 метр ұзындықтағы екі нысанының күрделі жөндеу жұмыстары 80%-ға аяқталды.
Айта кетейік, қала аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. 2025 жылдың алғашқы үш айында бұл көшелердің 430,1 шақырымы жақсы және қанағатты жағдайда жөнделіп, қалған 419,9 шақырым аумақта асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.