«WhatsАpp» желісі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін жазасын алды

Фото: Halyq Uni
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
 
У. ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігімен, 259-бабының 1-бөлігімен (телекоммуникация желілерін пайдаланыла отырып, терроризмді насихаттау мазмұнындағы материалдарды тарату, экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында азғырып көндіру) айып тағылған.
 
Сотталушы 2024 жылдың қыркүйек айында өзінің ұялы телефонынан «WhatsАpp» желісі арқылы ашқан «Әл…» тобына халықаралық террористік ұйымының көзқарастарына жататын аудио және текстік хабарламаларды салып, куәлер М. мен Т.-ға терроризмді насихаттап, оларды экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында азғырып көндірген.
 
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді.
 
Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, өзіне жеңіл жаза сұрады.
 
Жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Сот, У.-ды ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігімен, 259-бабы 1-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танып, оған ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігін қолданумен түпкілікті 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енбеді.