Жетісай ауданы әкімінің кезекті кездесуі өтті

фото ЖАӘБҚ
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың кезекті кездесуі Жылы су ауылдық округінде өтті.
Аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудандық мәслихат депутаттары, бөлімдер мен құзырлы орган өкілдері қатысқан жүздесуде аудан басшысы Жылы су ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстардың барысы, жоспарлары айтылды.
Өткен жылғы кездесуде тұрғындар айтқан өтініштері бойынша С.Сейфуллин елді мекені Қасымбеков көшесі мен Мырзашоқы елді мекені Ынтымақ көшесінің электр қуаты мәселерін оңтайлы шешу мақсатында «ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесі тарапынан тиісті жұмыстар жасалса, Мырзашоқы елді мекені аумағынан өтетін КХ-9 автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Жылы су елді мекеніндегі авариялық жағдайдағы мәдениет үйінің ғимараты толығымен бұзылса, ауыл шаруашылығы министрі бекіткен қағидаға сәйкес шаруаларға ағын су субсидиясы бойынша өткен жылы ағын су құнының 50%-ы, ал, су үнемдеу технологиясын ендіргендерге ағын су құнының 80%-ы субсидияланған.
Сонымен қатар, Жылы су ауылдық округі арқылы қоғамдық жұмысқа тартылған жұмысшылармен аптасына 2 рет Жетісай – Жылы су трассасы тұрақты түрде тазаланып, ретке келтірілген. Мырзашоқы елді мекенінен футбол алаңшасы салынып қолданысқа берілген.
Жиын барысында тұрғындар көкейлерінде жүрген қоғамдық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Өзекті мәселелердің шешілу жолдарын бірігіп талқылады.