Жұмысшы мамандықтар жылы: 17 наурызда «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы басталады

фото ӨКҚ
Керемет жаңалық! 17 наурыздан бастап жұмысшы мамандық иелері тұрғын үйге өтінім бере алады. Өтінімдер Банк бөлімшелерінде қабылданады.
 Өтінімді қалай беру керек?
 Банк филиалына жүгіну
  Жұмыс орнынан анықтама ұсыну (үлгісі otbasybank.kz сайтында жарияланады)
Кімдер қатыса алады?
Бағдарлама келесі салалардағы жұмысшы мамандық иелерін қолдайды:
өнеркәсіп
энергетика
көлік
ауыл шаруашылығы
су ресурстары
Офис қызметкерлері (PR-менеджерлер, бухгалтерлер және т.б.) қатыса алмайды.
Қатысу шарттары:
Отбасы банкінде депозит ашу (егер әлі ашылмаған болса)
Депозитті 2 млн теңгеге дейін толықтыру (өтінім берер алдында толық соманы енгізуге болады)
Соңғы 5 жыл ішінде өзіңізде және отбасы
мүшелеріңізде тұрғын үйдің жоқтығын тексеруден өту
Соңғы 6 айдағы ресми табысты растау
Отбасы мүшелері – жұбайы/зайыбы және кәмелетке толмаған балалары. Егер үміткер некеде тұрмаса, тек өзі тексеріледі.
Несие шарттары:
Астана және Алматы – 36 млн тг дейін
Облыс орталықтары – 30 млн тг дейін
Тұрғын үй Baspana Market порталы арқылы бекітілген бағамен сатып алынады
Ауылдық аймақтар мен моноқалаларда екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі
Бастапқы жарна – 10%-дан бастап, егер пәтер таза әрлеуде болса
Несие мөлшерлемесі:
7% (СЖТМ 7,1–9,6%) – әлеуметтік осал топтардағы азаматтар үшін, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға
9% (СЖТМ 9,4–13%) – барлық басқа үміткерлер үшін
Несие мерзімі – 19 жылға дейін
Қандай пәтерлерді сатып алуға болады?
Бірінші нарықтағы тұрғын үй – Астана, Алматы және облыс орталықтарында
Бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үй – моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде (бөлінген қаражаттың 30%-ына дейін)
Өз баспанасына бір қадам жақындаңыз!
Өтінімдер қабылдау 17 наурызда басталады