Шымкенттік танымал кәсіпкер интернет-алаяқтықтың құрбаны болды.
Әдеттегідей қызмет көрсету туралы келісім болып көрінген тапсырыс — алдау схемасы болып шықты.
Екі жалған логист жүк тасымалдау қызметінің онлайн биржасын пайдалана отырып, жалпы құны 30 миллион теңге тұратын тауарды иеленіп кеткен.
Алайда, киберполиция қызметкерлерінің жедел жұмысының нәтижесінде бір тәулік ішінде алаяқтық схемасы ашылып, күдіктілер ұсталды. Ең бастысы — ұрланған барлық тауар иесіне қайтарылды.
Жәбірленуші полицияға үлкен алғысын білдірді. Сондай-ақ, сақшылардың жедел әрекеті мен мұқияттылығының арқасында салдары ауыр болуы мүмкін үлкен шығынның алды алынғанын жеткізді.