Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында Кентау қаласының 70 жылдығына орай «Дәстүрімнің балқаймағы» атты әжелер байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық құндылығымыздың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы болған әжелеріміздің бойындағы ізгілікті өскелең ұрпаққа жеткізу және ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау.
Байқауға қатысушылар ережеге сай, үш кезең бойынша өнер көрсетті. Әжелер ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, қазылардың сұрақтарына жауап берді. Шеберліктері мен өнері де сараланды.
Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І орынды Айзада Сағынбекова иеленсе, ІІ орынды Үрзада Құралбаева еншіледі, ал жүлделі ІІІ орын Орал Абишеваға бұйырды. «Дәстүрімнің балқаймағы» атты ақжаулықты әжелер байқауына белсене қатысқан өзге қатысушылар да арнайы сыйлықтармен марапатталды.