ҚР ДСМ 211/2020 бұйрығымен бекітілген клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша АИТВ инфекциясын міндетті зерттеп-қарау қағидаларында жедел-тест, ИФТ, ИХЛТ әдістері қаралған. Соның ішінде ИХЛТ әдісінің сапасы және сезімталдығы жоғары. Қазіргі таңда жаңа ИХЛТ әдісінің ауқымы жылдан жылға өсуде. Атап айтқанда ИХЛТ әдісі арқылы 2022 жылы – 56411 тексерілу жүргізілсе, 2024 жылы тексерудің саны — 133459 көтерілген.
Тексерілушілердің санының өсуіне байланысты Шымкент қаласы ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасында 2025 жылдың сәуір айынан бастап, MAGLUMI 2000 Plus ИХЛА-ның орнына жаңа жетілдірілген MAGLUMI X3 автоматты ИХЛА алмастырылды.
MAGLUMI X3 – медициналық зертханаларда хемилюминесценциялық иммундық талдау (CLIA) әдісі арқылы диагностика жүргізу үшін қолданылатын анализатор. Ол әртүрлі ауруларды диагностикалауға көмектесетін гормондар, витаминдер, ақуыздар және басқа заттар сияқты қандағы әртүрлі биомаркерлердің деңгейін анықтауды қоса алғанда, кең ауқымды сынақтарды жүргізуге қабілетті.
Сонымен қатар MAGLUMI X3 – жиі жұқпалы ауруларды, қалқанша безінің ауруларын, кардиологиялық және онкологиялық ауруларды диагностикалау үшін қолданылады. Ол жоғары сезімталдық пен дәлдікпен ерекшеленеді, бұл оны зертханалық зерттеулер үшін ыңғайлы құрал етеді.
Аталмыш анализатор ИФА-мен салыстырғанда сезімтал және спецификалық (нақтырақ) болып келеді, өлшеу жүйесі «тікелей» иммунохилюминесценцияға негізделген. Анализатор антигеннің оптикалық тығыздығын бөлек, антидененің тығыздығын бөлек санап шығып, нәтижесін береді. Оң нәтиже көрсеткен науқастардың антигенінің оптикалық тығыздығын салыстырмалы талдау нәтижесінде АИТВ-ны жақын арада жұқтырғанын білуге болады.
Анализатордың артықшылығы бірінші анализ қорытындысын 55 минуттан кейін шығара бастайды, келесі анализдердің нәтижелері 20 секунд сайын шыға береді. Бұл анализатор толық автоматтандырылған контаминацияның (contaminatio; лат. араластыру) кез келген қоспаның түсуіне, биологиялық материалдың (қанның) бір-бірімен арласып кетуіне жол бермейді, зертханашының шатасып кету мүмкіндігін болдырмайды. Өндірістің қуаты сағатына 200 талдау шығарады.
Бұл анализатор зертхананың (орталықтың) өндірістік қуатын арттыруға, серонегативті терезенің кезеңін 2-3 аптаға дейін қысқартуға, күмәнді нәтижелердің санын азайтуға мүмкіндік береді.
Э.С.Ахмедова, Шымкент қ.
ЖИТС орталығының маманы