Францияда Шымкент қаласының мәдени-іскерлік күндері өтуде

фото ШӨКҚ
Қазақстан мен Франция арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту аясында 2025 жылғы 6 ақпанда бекітілген Жол картасының 7-тармағына сәйкес Францияда «Шымкент қаласының күндері» атты мәдени-іскерлік іс-шара өтіп жатыр.
Іс-шараның мақсаты – Шымкент пен Франция арасындағы бизнес, туризм, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы серіктестік әлеуетті кеңейту. Осы бағытта өткізілген шара аясында француз жұртшылығына қазақ халқының ұлттық тағамдары, дәстүрлі киім үлгілері, зергерлік бұйымдары мен қолөнер туындылары кеңінен таныстырылды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының экономикалық және туристік мүмкіндіктері таныстырылып, шетелдік серіктестерге әлеуетті жобалар ұсынылды.
Мәдениет пен іскерлік байланысты ұштастырған бұл бастама Қазақстан мен Франция арасындағы өзара тиімді әріптестікті одан әрі тереңдетуге зор ықпал етпек.