Келіндер сайысы өтті

фото ТОӨКҚ
Кентау қаласының 70-жылдық мерекесіне орай “Пай-пай, қазақтың келіндері-ай” атты келіндер сайысы өтті. Жарысқа қатысқан 10 келін өзін таныстыру, өнерін көрсету, сұрақтарға жауап беру, қамыр жаю сындары бойынша бақ сынасты. Шара — жас келіндер арасында ежелден ұмыт болған ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртуға бағытталған.
Төрт кезеңді қамтыған сайыста Байылдыр ауылының келіні, С.Қожанов атындағы №9 мектебінің ұстазы Динара Оралова 1-орынды жеңіп алды. Жүлделі 2-орынды №23 Ә.Бөкейханов атындағы мектебінің ұстазы Әсет Айгерім иеленсе, 3-орынға Кентау көпсалалы колледжінің ұстазы Тоғжан Тінейбай табан тіреді. Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.