Түркістан облысында Сауран ауданының полиция қызметкерлері пәтер ұрлығының қылмысын ашты. Белгілі болғандай, 19 жастағы жас жігіт ауылдасының үйінен ұрлық жасаған.

Ал ұрланған әшекейлерді ломбардқа өткізіп, ақшасын қарыздарына төлеген. Тәртіп сақшылары қолды еткен мүліктің бір бөлігін тәркіледі. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.