Медиация 144 миллион теңге көлеміндегі дауды шешуге көмектесті

Фото: Halyq Uni
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «С.» ЖШС-нің жауапкер мемлекеттік мекемеге қарыз соманы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы өзінің талабында, 2024 жылдың желтоқсан айында жауапкермен тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалып, ол жерде жауапкерге тауарды (цифрлық бейнекамера) жеткізуге міндеттеліп, желтоқсан айының соңында жауапкер қабылдап алу-беру актісімен 960 дана цифрлық бейнекамераны қабылдап алған
Алайда, жауапкер жеткізілген товарлардың құның талап қоюшыға аудармаған.
Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.
Келісімге сәйкес, мемлекеттік мекеме 144 052 070 теңге қарызды мойындап, оны сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде төлеуге міндеттенді. Өз кезегінде, талап қоюшы осы іс бойынша талап қоюынан бас тартты.
Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзілген дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі, ондағы шарттармен қоса бекітілді.
Талап қоюшыға 4 миллион 321 мың теңге төленген мемлекеттік баж сомасы , іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.Сот ұйғарым заңды күшіне енді.