Мемлекеттік тіркеу нөмірін жасырған 25 жүргізуші жауапқа тартылды

фото ТОПД
Орташа жылдамдықты өлшейтін құрылғылар іске қосылғалы бері кейбір жүргізушілер айыппұл арқаламау үшін мемлекеттік тіркеу нөмерін жасырып жүрген.
Яғни облыс полицейлері дәл осындай құқық бұзушылық жасаған 25 жүргізушіні анықтады. Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған бұл жүргізушілерге «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабымен әкімшілік хаттама толтырды.
Мәселен батальон қызметкерлері «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар тас жолында Шымкент-Сарыағаш бағытында нөмірсіз кетіп бара жатқан «Hyundai Grandeur» көлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде көліктің техникалық байқаудан өтпегені, сақтандыру полисі жоқ екені анықталды. Бұл құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушіге үш бірдей хаттама толтырылып, көлік айыптұраққа қойылды.