Мүмкіндігі шектеулі жанды тұрғын үй кезегінен алып тастаған

фото ТОСБҚ
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азамат Н-нің мемлекеттік орган Ордабасы ауданының тұрғын үй инспекциясының әрекетіне келтірген шағымы бойынша әкімшілік іс бітіммен аяқталды.
Азамат Н. 2015 жылы 14 қаңтардағы I және II топтағы мүгедек ретінде тұрғын үй кезегіне тіркелген. Алайда оның кезегі негізсіз алынып, ол өзінің тұрғын үйге қатысты бұзылған құқықығын қалпына келтіруді сұрап, сотқа жүгінген.
Алдын-ала тыңдау барысында әкімшілік процеске қатысушылар ортақ келісімге келіп, медиативтік келісім жасады. Медиавтивтік келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер он жұмыс күн ішінде әрекетке қабілетсіз Н-нің 2015 жылғы 14 қаңтардағы тұрғын үйге кезегін қайта қалпына келтіруге міндеттенді, ал талапкер де бұл шарттарға келісімін берді.
Сот медиациялық келісімді заң талаптарына сәйкес деп танып, 02.04.2025 жылы оны бекіту туралы шешім қабылданып, әкімшілік талап қою қайтарылды. Әкімшілік сотпен Н-нің тұрғын үйге кезекке тұру құқығы толығымен қалпына келтірілді.