Қала тұрғындары үшін қуанышты жаңалық! Шымкент дәмді тағам, сәнді киім үлгісін ұсынатын тағы бір жаңа сауда орталығымен толықты. «Muslim» сауда орталығы — жай ғана сауда орны емес, бұл — бір жерде сапалы қызмет, азық-түлік пен отбасылық демалыс үйлескен жаңа кеңістік.
Дәмді бургер, жаңа піскен нан өнімдері мен жан сергітер балмұздақты Muslim сауда орталығынан таба аласыз. Ашылғанына жарты жылдай болған нысан тұтынушыларын әрдайым қуантудан танбайды. Төменгі қабатта орналасқан супермаркет қала тұрғындарына түнгі 24:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Жақын маңдағы тұрғындар сөзінше тауарлар бағасы қалтаға қонымды және сапалы.
Айшагүл Шәкен, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен осы жақын жерде тұрамын. Біраз болды негізі осы жерге келіп жүргеніме. Бағалары да қолжетімді. Түнге дейін жұмыстан шыққанда, сабақтан шыққанда жасап тұрады. Керегімізді табамыз. Тағы көп акция болады. Көп нәрсе балғын болып тұрады».
Сауда орнында азық-түлік өнімдерінің кең таңдауы ұсынылады. Бастысы таза, халал өнімдер. Дүкен басшылығы тұрғындардың денсаулығын басты орынға қояды. Сол үшін де мұнда алкогольдік өнімдерді сатылмайды. Сауда орталығы сонымен қатар, тауар түрлерін жиі акцияға шығарады. Ал жұма күндері тұтынушыларды қуантып, тегін балмұздақ беріледі. Бұл ел-жұрт үшін жасалған керемет мүмкіндік дейді орталық әкімшісі.
Ақмерей Өсербай, әкімші: «Біздің халал супермаркетте 31 желтоқсан күні ашылды. Супермаркетте химия өнімдерінен бастап, сүн өнімдері, макорон өнімдері, кондитерлік өнімдер бар. Азанда барлығы балғын түрде келеді. Жақын тұрғындар, студенттер үшін жеңілдіктер болып тұрады. Акциялар өтіп тұрады. Бізде әр жұма сайын клиенттің соммасы 2000 теңгеден асса «Азия холод» фирмасынан балмұздақ беріледі. Бізде бәрі халал өнімдер, ешқандай алкогольді өнім сатылмайды».
Сауда орталығының бірінші қабатында дәмі тіл үйірер әрі қытырлақ бургерлер мен тез дайындалатын тағамдар ұсынылады. Барлық өнім халал стандарттарына сай әзірленіп, санитарлық талаптар қатаң сақталған. Muslim сауда үйінде намазхана да қарастырылған. Екінші қабатта сәнді әрі жайлы киімдер дүкендері орналасқан.
Сонымен қатар, бизнес бастап, кәсібін дөңгелетемін деушілер үшін бос сауда нүктесі де бар. Ал ыстық күнде бір сергіп аламын деушілерге, дәмі балдай құйылмалы балмұздақ та бар.
Мекенжайы: Асанбай Асқаров көшесі, 25 сауда орталығы «Muslim» сауда үйі
Байланыс нөмірі: 8-777-557-07-77