Елімізде ҚР ІІМ-нің тапсырмасымен кең ауқымды «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы ретте Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев облыс орталығындағы ойын-сауық орындарына тексеру жүргізді. Кәсіпкерлерге жасөспірімдердің шектелген уақыттан кейін келуіне рұқсат бермеуін ескертті. Ата-аналарды жасөспірім ұл-қыздарына абай болып, бақылауда ұстауға шақырды.
Полиция полковнигі Б.Айтпаев: «Жалпы Түркістан облысының полицейлері іс-шараның 16 тәулігінде полицияға құқық бұзған 800-ден астам кәмелетке толмаған жасөспірімді жеткізіп, ата-анасына шара көрді. Сондай-ақ ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың болуына жол берген 19 кәсіпкер жауапқа тартылды. Одан бөлек ойын-сауық орындарында ата-анасыз жүрген 1 жасөспірім, ал тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілінсіз жүрген 19 жасөспірім анықталды. Сондықтан барша ата-аналарға, жасөспірім ұл-қызымен дос болып, араласатын ортасын біліп отыруға кеңес беремін. Әсіресе түнгі уақытта балаларыңыздың қараусыз жүрмеуін қадағалаңыздар!»-деп атап өтті.